Қытайда көлік қылып мінуге болатын шабадан пайда болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы
Басты Жаңалықтар Қытайда көлік қылып мінуге болатын шабадан пайда болды

Қытайда көлік қылып мінуге болатын шабадан пайда болды

Бейне қолжетімді емес

Қытайда көлік қылып мінуге болатын шабадан пайда болды. Оны Чанша қаласында тұратын бұрынғы фермер ойлап тауыпты. Өнертапқыш үш дөңгелекті мопед-шабаданды жасауға 10 жылға жуық уақытын сарп етіп, 159 мың доллар жұмсаған екен. Батареясы толық болса, бұл скутер адамды да, жүкті де 60 шақырым жерге сағатына 20 шақырым жылдамдықпен жеткізіп береді. Және де ол GPS жүйесімен, дабыл қаққышпен, ұрылардан қорғайтын құлыппен жабдықталған.
 
Өнертапқыштың ендігі арманы – ерекше шабаданды көптеп шығарып, оларды моделіне байланысты халыққа 600 доллардан бастап, 5 мың доллар бағамен сату.
 
Арыстан РЫСБЕК
Бөлісу