Шеруді «Үйсіз жұмысшылар» қозғалысының мүшелері ұйымдастырған. Наразы топтың мәлімдеуінше, қалада 4 мыңдай жанұя лашықтарда тұрып жатыр. Бұған қоса, күллі ел аумағында 170 мыңдай тұрғын чемпионатқа орай баспаналарынан көшірілген екен.
Шерушілер талаптары орындалмаса, футбол ойындары басталатын маусымның 12-де наразылық акциясына шығатынын ескертіп отыр. Чемпионат Сан-Паулудағы «Арена Коринтианс» стадионында Бразилия - Хорватия футбол командаларының ойынымен ашылады.
Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ