Сирияда президенттік сайлау аяқталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сирияда президенттік сайлау аяқталды

05.06.2014
Сирияда президенттік сайлау аяқталды
Сирияда президенттік сайлаудың қорытындылары жарияланды. Бюллетеньдердің 100 пайызы өнделіп, бұл додада қазіргі мемлекет басшысы Башар Асадтың жеңіске жеткені белгілі болды.
 
Оған сайлаушылардың 88,7 пайызы дауыс берген. Ал оның қарсыластары артта қалды. Бұрынғы министр Хасан Абдель Илляхи ан-Нуриді халықтың 4,3 пайызы қолдаған. Коммунист Махер Әбдель Хафиз Хаджар болса, 3,2 пайыз дауыс жинапты.
 
Орталық сайлау комиссиясы өкілдерінің мәлімдеуінше, сириялықтардың 73,42 пайызы саяси тартысқа қатысып, өз қалауын білдірген. Мәселен, Дамаскіде тіркелген 3 жарым миллион сайлаушының 2,2 миллионы дауыс беріпті.
 
 
Мадина МҰҚАНОВА

Хабарламаларға жазылу