Сирияда президенттік сайлау басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сирияда президенттік сайлау басталды

03.06.2014
Сирияда президенттік сайлау басталды
Үш жылдан бері азаматтық соғыс жүріп жатқан Сирияда бүгін президенттік сайлау басталды.
 
50 жылдан бері алғаш рет мемлекет басшысы лауазымы үшін Асад отбасының өкілімен қатар үкімет мақұлдаған өзге екі үміткер күреспек.
 
Алайда, халық және сарапшылардың көбі Башар Асадтың жеңіске жететініне күмән келтірмей отыр. Ал Батыстың қолдауына ие сириялық оппозиция бұл доданы мойындамай отыр.
Дауыс беру тек үкімет бақылауындағы аудандарда ғана өтуде.
 
 
Мадина МҰҚАНОВА
 

Хабарламаларға жазылу