ЕАЭО-ға мүше мемлекеттер басшылары елордада бас қосады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ЕАЭО-ға мүше мемлекеттер басшылары елордада бас қосады

28.05.2019

Биыл Еуразиялық экономикалық одақтың құрылғанына 5 жыл толса, Нұрсұлтан Назарбаевтың еуразиялық интеграция идеясына 25 жыл болады. Осы айтулы датаның қарсаңында ертең елордада Еуразиялық одақ құрамындағы 5 мемлекеттің басшылары кездеседі. Осыған орай бүгін Қазақстан мен Ресейдің сарапшылары арнайы ұйымдастырылған бейнебайланыс кезінде еуразиялық интеграцияның келешегін талқылады.

Мамандардың айтуынша, енді интеграциялық процестер бұрынғыға қарағанда баяу жүруі мүмкін. Есесіне одақ құрамындағы елдер үшін, келешекте саннан сапаға көшетін маңызды кезең басталады.

Сондықтан саясаттанушылар мен экономистердің пікірінше, жақын арада Еуразиялық Экономикалық Одаққа өзге мемлекеттерді мүше ретінде қабылдауға асықпаған абзал.

Елена Кузьмина, РҒА Е.М.Примаков атындағы Әлемдік экономика және халықаралық қатынастар институтының сектор меңгерушісі:

- Жалпы нарық неғұрлым үлкен болса, соғұрлым жақсы деген түсінік бар. Алайда, әрбір елдің экономикасы, оның көлемі әртүрлі. Сондықтан экономикасы мығым елдер, дамуы баяу әріптестеріне көмектесуге мәжбүр болады. Дегенмен, әртүрлі деңгейдегі интеграция деген түсінік те бар. Яғни, ешкім-ешкімге көмектеспейді, әр мемлекет өз шамасына қарай, жеке-жеке жолдармен дамиды. Егер Еуразиялық одаққа жаңа елдер мүше болса, осы тәсілді қолдануға болатын шығар. Бірақ бұл толық зерттелмеген, күмәнді жол. Сондықтан одаққа өзге елдерді шақырғанша, қазіргі 5 елдің арасындағы интеграцияның сапалы болуына мән берген дұрыс секілді.

Нұртас СОЛТАНҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу