Сенат спикері Дариға Назарбаева бірқатар екіжақты кездесу өткізді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сенат спикері Дариға Назарбаева бірқатар екіжақты кездесу өткізді

19.04.2019

Осы ТМД Парламенттік ассамблеясы 49-отырысының аясында Сенат спикері Дариға Назарбаева бірқатар екіжақты кездесу өткізді. Алысты алаламайтын, жақынын жараламайтын Қазақстанның қашан да барлық салада ынтымақтастық орнатуға дайын екенін жеткізді. Жоғары палата басшысы шетелдік әріптестеріне елімізде жүйелі түрде жүзеге асырылған реформалар жайында айтты. Индира Бегайдар тарқатады.

Қазақстан мен Әзірбайжанның арасында ортақ, ілкімді жобалар көп, парламенттік әріптестік те жоғары деңгейде. Дариға Назарбаева Әзірбайжан Милли меджлисінің төрағасы Октай Асадовпен алыс, беріс,барыс,келіс мәселелерін талқылады. Каспий конвенциясының рафтификацилануы әріптестіктің әлеуетін арттыруға сеп болатынын жеткізді.

Ал Қырғыз Республикасы Жогорку Кенеш спикері Дастанбек Жұмабековпен шекаралық қарым-қатынас, сауда-экономикалық байланысты күшейту керектігіне назар аударды. Бұл орайда Сенат спикері Дариға Назарбаева өзі бастамашы болған орталық азиялық шеңгеннің туризм саласын нығайтатынына сенім білдірді.

Түркі дүниесінің тұтастығы - қаны мен жаны, діні мен ділі ортақ тамыры тереңде жатқан ұлттардың бірлігі. Түркітілдес елдердің Парламенттік ассамблеясының хатшысы Алтынбек Мамаюсуповпен кездесу барысында ассамблеяның алдағы уақытта болатын отырысы жайлы талқыланды. Түркітілдес елдердің парламенттерінің арасында әріптестікті жанандырудың жолдары қарастырылды.

Алтынбек Мамаюсупов, ТҮРКПА бас хатшысы:

ТҮРКПА-ны құру идеясының авторы Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев. Сондықтан, біз үмітті ақтап, сапалы жұмыс істеуіміз керек. Мүше елдердің парламенттері қазір тығыз жұмыс істеп жатыр.

Ал Армения Ұлттық жиналысының төрағасы Арарат Мирзоянмен кездескенде жоғары палата басшысы сауда-экономикалық қатынасты дамыту үшін үкіметаралық комиссияны құруды ұсынды. Сонымен қатар, өзінің әріптесін біздің елдегі болып жатқан саяси оқиғалар туралы хабарлар етті, қуатты Қазақстанның қарқыны жайында баяндады. 

Индира БЕГАЙДАР

Хабарламаларға жазылу