Сенат спикері Дариға Назарбаева Валентина Матвиенкомен кездесті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сенат спикері Дариға Назарбаева Валентина Матвиенкомен кездесті

19.04.2019

Сенат спикері Дариға Назарбаева Санкт-Петербургте РФ Федералдық жиналысы Федерация Кеңесінің басшысы Валентина Матвиенкомен кездесті.  Жоғары палата басшысы, Қазақстан-Ресей әріптестігінің сипатын Еуразия кеңістігіндегі экономикалық ықпалдастықты дамытудағы екі елдің маңызды рөлін атап өтті.

Дариға Назарбаева экология мәселелеріне,  атап айтқанда, суды пайдалану және трансшекаралық өзендердің мәселесін тиімді реттеу үшін бірлескен жұмысты ұйымдастыру қажеттігіне назар аударды.

Бұл тұрғыда экология бойынша заң әзірлеуді  ұсынды. Валентина Матвиенко Сенат басшысын Ресейге ресми сапармен келуге шақырды және Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың еңбегін жоғары бағалайтынын жеткізді.

Индира БЕГАЙДАР

Хабарламаларға жазылу