Дариға Назарбаева Алматыдағы форумда бірқатар кездесу өткізді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Дариға Назарбаева Алматыдағы форумда бірқатар кездесу өткізді

23.05.2019

Еуразиялық медиа форумды ұйымдастыру комитетінің төрағасы Дариға Назарбаева Алматыдағы форумда бірқатар кездесу өткізді.

Ауқымды шараның арнайы қонағы Армения Президенті Армен Саркисянмен екі жақты әріптестікті күшейту мәселесі талқыланды. Тараптар қос мемлекеттің заң шығарушы органдары арасындағы өзара ынтымақтастықта қызмет ету турасындағы келісіміне айрықша тоқталды. Сондай-ақ, Армения Президенті Еуразиялық медиа форумның әлеуетін ерекше атап өтті. Әлемнің ірі халықаралық медиақұрылымдары мен сарапшылары сан сұраққа жауап іздейді,-дейді. Қазіргі кезде осы шараға 60 елден 500 делегат қызығушылық танытқан.

Форумның негізгі тақырыбы – «Әлем талқылауындағы бүгін – жаһандануға қарсылық, тұтыну дағдарысы, медиа-саланы цифрландыру және даму мен жаңа белестерді бағындыру мүмкіндіктері, озық технологияға ілесу мен жасанды интеллект».

Нысаналы ЫҒЫЛ

Хабарламаларға жазылу