«Nur Otan» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаев партияның Орталық аппаратының құрылымдық бөлім басшыларының қатысуымен жиын өткізді. «Nur Otan»-ның кезекті XVIII съезінде қабылданған партияның 2030 жылға дейінгі жаңа бағдарламасын жүзеге асыру барысы талқыланды. Елбасы анықтап берген ауқымды міндеттер тұрғанына назар аударылды. Соған байланысты «Nur Otan» партиясы бірнеше бағыт бойынша жүйелі жұмыс жүргізбек.
Партия жанынан мемлекеттік бағдарламалар мен реформаларға мониторинг жүргізу және оларды іске асыру орталығы құрылмақ. Соған сәйкес алдағы сәуір айынан бастап маңызды мемлекеттік бағдарламалардың орындалу барысы туралы тыңдаулар өткізіледі деп жоспарланып отыр.
Шерхан ЖАМБЫЛҰЛЫ