Делегаттар сайланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Делегаттар сайланды

15.02.2019

Теріскейде «Нұр Отан» партиясының өкілдері 20 жылда атқарылған істерді қорытындылап, болашаққа жоспар құрды. Партияның кезектен тыс 29-ыншы конференциясында партия төрағасы жүктеген тапсырмаларды іске асыру жолдары талқыланды.

Халықтың әл-ауқатын арттырып, білім беру мен медициналық қызмет көрсету сапасын жақсарту секілді ауқымды міндеттер тұр. «Оларды жүзеге асыру үшін елдің бірлігі қажет», - дейді жиынға қатысқандар. Сондай-ақ, конференция барысында Астанада өтетін партия съезіне делегаттар сайланды.

Абылайхан Қайроллаев, «Жас Отан» ЖҚ СҚОФ төрағасы

- Біздің бірнеше жаңа жобамыз бар. Еріктілер мектебін ашу жоспарлануда. Қазіргі таңда еріктілерге үлкен назар аударылуда. Оларға стипендияларына қосымша 30 пайыз қосылады деген ойдамыз. Сондықтан «жасотандықтар» еріктілер мектебін қолға алады.

Сағындық СӘБИТҰЛЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу