Елбасы жүктеген тапсырмаларды жүзеге асыру барысы талқыланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елбасы жүктеген тапсырмаларды жүзеге асыру барысы талқыланды

06.05.2019

Қазақстан халқы Ассамблеясының XXVII сессиясында Елбасы жүктеген тапсырмалар кешіктірілмей жүзеге асырылуы тиіс. Елордада этномәдени бірлестік өкілдері жиын өткізіп, аталған мәселені талқылады. Әсіресе, елде бейбітшілік пен татулықты сақтаудың тетіктерін жетілдіру жайы қозғалды. «Ол үшін қоғамды мазалаған проблемалардың түйіні тарқатылуы тиіс», - деді жиналғандар. Жастар мәселесі, жұмыссыздық, жатақхана сынды әлеуметтік проблемарды шешу жолдары айтылды.

Әсима НҰРБАЙҚЫЗЫ

 

Хабарламаларға жазылу