Қызылордада көпбалалы отбасыларды баспанамен қамту үшін өңірлік бағдарлама әзірленіп жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қызылордада көпбалалы отбасыларды баспанамен қамту үшін өңірлік бағдарлама әзірленіп жатыр

27.02.2019

Осыған орай арнайы жұмысшы топ құрылды. Қазір олар бағдарламаның тұжырымдамасын әзірлеп жатыр. Облыс бойынша 28 мың адам пәтер кезегінде тұрса, соның 2041-і көп балалы отбасы. Өңірде былтырдан бері әлеуметтік жағдайы төмен жанұялардың тұрғын үйге қолжетімділігін арттыру үшін «Орда» бағдарламасы жүзеге асырылуда. Ол арқылы арнайы категориядағы отбасылар алғашқы төлемсіз-ақ баспаналы бола алады. Ол үшін облыстық бюджеттен жыл сайын 2 миллиард теңге қаржы бөлінуде. Ал, «Нұрлы жол» бағдарламасы негізінде қазір 18 үйдің құрылысы жүріп жатыр.

Ақерке БЕРІКБЕКҚЫЗЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу