Қызылорда облысында 300 орындық мектептің құрылысы басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қызылорда облысында 300 орындық мектептің құрылысы басталды

02.11.2023

Қызылорда облысы, Жаңқожа батыр ауылында апатты деп танылған мектепттің орнына жаңа білім ошағы салынатын болды. Елді мекендегі күрмеулі мәселе «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында шешімін таппақ. Бүгінде тұрғындар асыға күткен нысанның іргетасы қаланып, құрылысы басталды.

Ауқымды бағдарлама аясында Қазалы ауданында екі мектеп бой көтереді. Соның бірі Жаңақожа ауылында салынып жатыр. 2,8 гектар жерге үш қабат оқу корпусы, түрлі спорт алаңдары түседі. Оған бөлінген қаржы да қомақты. Ал құрылыс алаңында атқарылған жұмыстар бейнебақылау камералары арқылы күндіз-түні қадағаланады. Жоспар бойынша білім беру нысаны келер жылдың тамыз айында ел игілігіне беріледі.

Нұрлыбек Нәлібаев, Облыс әкімі:

Жаңқожа ауылындағы мектеп көптен бері апаттық жағдайдағы мектеп деп танылып, балалардың білім алуына кедергі болып келді. Міне, Алла қаласа бір жылдың ішінде керемет теңдесі жоқ «жайлы мектеп» салынып, ел игілігіне, балаларымыз үшін пайдалануға берілетін болады.

50 отбасы қоныс тойын тойлады

Жалпы облыста тұрғын үйге мұқтаж отбасыларды баспанамен қамту мәселесі де кезең-кезеңімен шешімін тауып келеді. Соның бір парасы Әйтеке би кентінде мемлекеттік бағдарлама аясында салынған тұрғын жайлар көпбалалы және әлеуметтік осал топтағы жанұяларға берілді.

Индира Сұлтанова, көпбалалы ана:

Халыққа осы үйлерді беріп жатыр еншімізге. Өте қатты қуаныштымыз. Өзім көпбалалы ана, күміс алқа иегері. Осы кезекте 10 жылдан бері тұрмын. Армандар орындалады деп. Ойламаған жерден менің еншіме осы үйлердің бірі тиіп жатыр.

Сондай-ақ, облыс әкімі мен құқық қорғау органдарының басшылары аудан тұрғындарын жеке қабылдады. Азаматтар өз ұсыныс-пікірлерін тікелей жеткізіп, нақты жауап алды.

Әділбек Серікұлы


Хабарламаларға жазылу