Түркістанда 240 отбасыға пәтер кілті берілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Түркістанда 240 отбасыға пәтер кілті берілді

26.03.2022

Түркістан облысы Арыс қаласында «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында 240 пәтер пайдалануға берілді.
Жаңа баспаналар сатып алу құқығынсыз үй кезегінде тұрған аз қамтылған немесе көпбалалы отбасыларға тапсырылды. Бүгінде Арыс қаласында көпбалалы және әлеуметтік аз қамтылған отбасыларды баспанамен қамту мәселесі кезең-кезеңімен шешіліп келеді. Алдағы уақытта тағы 8 үй салынады. Ал тұрғын үй кезегінде 2 200 адам тұр.

Жайна Оразбекова, Арыс қаласының тұрғыны:
– Он бір жыл күттім. Сабырмен күтсең бәріне жетесің дейді ғой, сабырмен күттік. Жеттік. Аллаға сансыз шүкір бұған да рахмет! Алты бала шағам бар. Жолдасым қайтыс болған, көпбалалы ана ретінде алғанмын.

Хабарламаларға жазылу