Еліміздің 2025 жылға дейінгі стратегиялық даму жоспары бекіді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Еліміздің 2025 жылға дейінгі стратегиялық даму жоспары бекіді

28.11.2017

Бүгін Үкімет отырысында құжат бірауыздан мақұлданды. Жаңа жоспар бұған дейін қолданыста болған 2020 құжатының орнына қабылданды. Стратегиялық жоспарға сәйкес, еліміздің экономикалық өсімінің жаңа моделі пайда болады. Олар негізгі 3 драйвер бойынша іске асады. Үкімет технологиялық жаңару, экспортқа шығатын өнімдердің көлемін арттыру, жаңа индустрияландыруға баса мән беріп отыр. Құжаттағы жоспарлар уақытылы жүзеге асса, 2025 жылға дейін халықтың әлеуметтік әл-ауқаты бірнеше есе жақсарып, еліміз дамыған мемлекеттердің қатарына қосылады.

Тимур Сүлейменов, ҚР Ұлттық экономика министрі:

- Стратегиялық жоспар Қаақстанның 2025 жылға дейінгі дамуын айқындайды. Қазақстанның әлемнің 30 дамыған елінің қатарына кіруге, халықтың өмір сүру сапасын жақсартуға және экономиканың тұрақты өсуіне қол жеткізуге бағытталған.

Хабарламаларға жазылу