Бүгін Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Абу-Даби қаласында Абу-Дабидің тақ мұрагері, Біріккен Араб Əмірліктері Қарулы күштері Жоғарғы Бас қолбасшысының орынбасары, шейх Мұхаммед бен Заид Əл Нахаянмен кездесті. Тараптар елдер арасындағы дипломатиялық әріптестікті жоғары бағалап, болашақ жоспарларды бекітті. Қазақстан мен Әмірліктер арасында мұнай химиясы, ауыл шаруашылығы мен атом өндірісі салаларында біріккен жобаларды жүзеге асыру көзделіп отыр. Нұрсұлтан Назарбаев Араб елінің Ислам мемлекеттері арасында жоғарғы технология бойынша көш бастап тұрғанын атап өтті. Өз кезегінде, тақ мұрагері Қазақстанда жасалып жатқан саяси реформаларға жоғары баға беріп, екі елдің мызғымас достығы нығая түсеріне сенім білдірді.