Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының бас хатшысы Анхель Гурриамен Сенат төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев та кездесті. Тараптар экономиканың инклюзивтік және тұрақты өсімі, шағын және орта кәсіптің дамуы, халықтың әлеуметтік аз қамтылған тобына қолдау таныту сынды бірқатар мәселені сүзгіден өткізді. Еуразия апталығының Қазақстанда өткізілгені үшін алғысын білдірген бас хатшы ұйымның парламенттік желілері аясында ынтымақтастықты арттыру туралы ой қозғады. Сенат Төрағасы ұйымға мүше елдердің тәжірибесіне сүйенетіндігін жеткізіп, бірлесе жұмыс істеуге әзір екендігін айтты.
Дулат АБИБУЛЛАЕВ