Сенат Төрағасы Қазақстанның Бас раввинімен кездесті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сенат Төрағасы Қазақстанның Бас раввинімен кездесті

30.09.2020

Сенат Төрағасы еліміздің Бас раввині Ешая Когенді қабылдады. Кездесуде Мәулен Әшімбаев бейбітшілік пен конфессияаралық келісімді қамтамасыз етуде Иудей қауымы мемлекеттің маңызды серіктесі екенін және аталған дін өкілдері елімізде мәдениет пен руханияттың дамуына үлкен үлес қосып отырғанын атап өтті. Тараптар осыған дейін өткен Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съездерінің қорытындыларын іске асыру жұмыстарына қатысты пікір алмасып, дінаралық диалогты одан әрі нығайту мәселелерін талқылады. 

Сондай-ақ, Мәулен Әшімбаев Ватиканның Қазақстандағы Апостол нунциі Фрэнсис Ассизи Чулликатпен кездесті. Екеуара елімізде дінаралық диалогты дамыту және қоғамдық келісімді нығайту мәселелерін қаузады. Сенат Төрағасы біздің қоғамда толеранттылықты және түрлі дін мен этнос өкілдеріне құрметпен қарауды дәріптеп жүрген Қазақстандағы католик шіркеуінің жұмысына тоқталды. Айта өтейік, биыл Қазақстан мен Ватикан арасындағы дипломатиялық қарым-қатынасқа 28 жыл толып отыр. 

Армангүл Тоқтамұрат 


раввин Сенат Төрағасы Ешая Коген Мәулен Әшімбаев дін

Хабарламаларға жазылу