Президент БҰҰ Бас хатшысымен кездесті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Президент БҰҰ Бас хатшысымен кездесті

09.06.2017

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерришпен кездесті. «Сіздің осы шараға келуіңіз ұйым үшін тарихи сәт – Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына Үндістан мен Пәкістанның қабылдануымен тұспа-тұс келіп отыр. Сол арқылы бұл ұйым аймақтық деңгеймен шектелмей, халықаралық деңгейде елеулі саяси күшке айналуда», – деді Нұрсұлтан Назарбаев. 

Мемлекет басшысы БҰҰ қызметінің қағидаттары мен оның барлық бастамаларын Қазақстан әрдайым қолдап келгенін айтты. Өз кезегінде, БҰҰ Бас хатшысы Нұрсұлтан Назарбаевты Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының саммитін өткізуімен құттықтап, оған Үндістан мен Пәкістанның мүше боп қабылдануын ерекше атап өтті. 

Хабарламаларға жазылу