Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев бүгін Оңтүстік Корея Республикасының жаңадан сайланған президенті Мун Чже Инге құттықтау жеделхатын жолдады. «Сіздің кәсіби біліктілігіңіз бен өмірлік тәжірибеңіз Оңтүстік Кореяның одан әрі өркендеуі мен дамуына, сондай-ақ, мемлекеттің әлемдік аренадағы рөлін арттыра түсуге мүмкіндік береді деп сенемін. Биыл Қазақстан мен Корея арасында дипломатиялық қарым-қатынас орнағанына 25 жыл толғанын атап өтеміз. Еліміз тәуелсіздік алғаннан бері Астана мен Сеул ынтымақтастығының аясы жан-жақты кеңейіп келеді. Екіжақты байланыстар алдағы уақытта да стратегиялық серіктестік рухында дами беретініне сенімдімін», – делінген жеделхатта. Сондай-ақ, Нұрсұлтан Назарбаев Мун Чже Инді Қазақстанға келіп, екі ел арасындағы өзара тиімді ынтымақтастықты нығайту мәселелерін талқылауға шақырды.
Данияр НУРКИН