Елбасы Үндістан Республикасының Премьер-министрі Нарендра Модимен телефон арқылы сөйлесті

Әңгімелесу барысында екіжақты қарым-қатынастың ахуалы мен келешегін, сондай-ақ, өңірлік және халықаралық маңызды мәселелер талқыланды.
Нұрсұлтан Назарбаев жаһандық күн тәртібі жөніндегі тараптар ұстанымының ортақтығы мен саяси қарама-қайшылықтың болмауы екіжақты диалогты ұдайы дамытуға қолайлы жағдай қалыптастыратынын атап өтті.
Н.Моди Астанамен арадағы өзара тиімді ынтымақтастықты дамыту Үндістанның Орталық Азиядағы сыртқы саясатының басымдығы бар бағыты екенін мәлімдеді.
Тараптар екі мемлекетте де бірін-бірі толықтыратын ынтымақтастықтың әлеуеті жеткілікті екенін құптай келіп, жан-жақты экономикалық кооперацияны дамытуға бар күш-жігерді жұмсауға әзір екенін білдірді.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
ШҚО-да көпірлердің техникалық жағдайы тексеріліп жатыр
17.09.2025, 20:42

Алматыда қала көшелері су астында қалды
17.09.2025, 20:19
Интернет алаяқтықтың жаңа түрі пайда болды
17.09.2025, 20:19
Елімізде архив қызметкерлерінің жалақысы өседі
17.09.2025, 20:15
Болашақтың айқын бағдары
17.09.2025, 20:08
Интернетте экстремистік идеялардың таралуына қарсы тұру маңызды
17.09.2025, 20:07
Astana Motors: көлік бағасы арзандады
17.09.2025, 20:06
Астана - әлемдік дін көшбасшыларын біріктіретін алаң
17.09.2025, 20:03