«Саламатты Қазақстан» бағдарламасы қорытындыланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы
Басты Жаңалықтар «Саламатты Қазақстан» бағдарламасы қорытындыланды

«Саламатты Қазақстан» бағдарламасы қорытындыланды

Бейне қолжетімді емес

Астана қаласы әкімдігінде өткен есеп-жиынға Үкімет басшысының орынбасары Дариға Назарбаева қатысты.

2011-2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» бағдарламасы қорытындыланды. Астана қаласы әкімдігінде өткен есеп-жиынға Үкімет басшысының орынбасары Дариға Назарбаева қатысты.

Вице-премьер аталған жобаның еліміздің денсаулық сақтау саласын едәуір ілгерілеткенін айтты. Соңғы жылдары бұл салаға бөлінген қаражат та бірнеше еселенді.

Соның арқасында осы 5 жылда жүздеген жаңа медициналық мекеме бой көтеріп, ғимараттар инновациялық технологиямен жабдықталған.

Сәуле АЛДАМҰРАТҚЫЗЫ
Бөлісу