Мәжіліс Төрағасы Эстония Қазақстанның Балтық өңіріндегі саяси әрі экономикалық маңызды әріптестерінің бірі екендігін айтып, еліміз эстондық порттар арқылы тауар тасу-тасымалдау бағытында қарқынды жұмыс істеуге дайын екендігін жеткізді.
Қабиболла Жақыпов өзара іс-қимылды одан әрі нығайтуға Елбасы белгілеген бес институционалды реформаның тың серпін беретіндігін де алға тартты.
Айдана ҮСЕНБАЙ