Қабиболла Жақыпов Финляндияның Қазақстандағы Елшісі Илкка Рэйсэненді қабылдады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қабиболла Жақыпов Финляндияның Қазақстандағы Елшісі Илкка Рэйсэненді қабылдады

16.03.2015
Қабиболла Жақыпов Финляндияның Қазақстандағы Елшісі Илкка Рэйсэненді қабылдады

Бүгін Парламентте Мәжіліс төрағасы Қабиболла Жақыпов Финляндияның Қазақстандағы Төтенше және өкілетті Елшісі Илкка Рэйсэненді қабылдап, екіжақты қарым-қатынастың, сондай-ақ, парламентаралық интеграцияны дамытудың маңызды мәселелерін талқылады.

Спикер әсіресе, сауда-экономикалық байланыстың қарқынды дамып келе жатқанын сөз етіп, аталған елдің компанияларын Астанада өтетін «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесіне белсене қатысуға шақырды.  Оның айтуынша, бүгінде, қазақстандық экономиканың маңызды бөліктерінде 80-нен астам бірлескен кәсіпорын жұмыс істейді.

 

Индира БЕГАЙДАР

Хабарламаларға жазылу