Мәжіліс депутаты Қуаныш Сұлтанов еліміздегі Словакия Республикасының Төтенше және өкілетті елшісі Петер Юзамен кездесті.
Кездесуде екі ел арасындағы 1993 жылдың 1 қаңтарынан бері үзілмей келе жатқан дипломатиялық байланыс жайы сөз болды.
Сондай-ақ, тараптар екіжақты саяси және экономикалық қарым-қатынасты дамыту жайын атап өтті.
Словакиялық Елші Қазақстанның әлем алдындағы бейбітшілік пен қауіпсіздік мәселелерінің шешілуіне қосқан үлесінің зор екендігін атап өтті.
Дәулетхан АҚАЙДАРОВ