Нұрсұлтан Назарбаев Қуаныш Сұлтановты мерейтойымен құттықтады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Нұрсұлтан Назарбаев Қуаныш Сұлтановты мерейтойымен құттықтады

17.05.2015
Нұрсұлтан Назарбаев Қуаныш Сұлтановты мерейтойымен құттықтады

Ұлт перзенті, мемлекет және қоғам қайраткері Қуаныш Сұлтанов – 70 жасқа толды. Мәжіліс депутаты да осы аптада Ақордада Мемлекет басшысының қабылдауында болды.

Қуаныш Сұлтанов Президентке Мәжілістің заң шығару жұмысының бірқатар бағыт-бағдары, негізгі заң жобаларының қаралу барысы, сондай-ақ, алдағы кезеңге арналған жоспарлар туралы баяндады.

Ресми қабылдаудан соң, Нұрсұлтан Назарбаев Қуаныш Сұлтановты мерейтойымен құттықтап, мықты денсаулық пен бақ-береке, жұмысына табыс тіледі.

Қуаныш Сұлтановты білмейтіндер кемде-кем. Журналист, ғалым, дипломат, саясаткер. 70 жасқа толдым деген жоқ, мемлекет үшін қажыр-қайратын жұмсап, әлі күнге қалтқысыз қызмет атқарып жүр.

Осы аптада Қуаныш Сұлтановтың «Елбасы және Қазақ мемлекеттігі» кітабы да оқырманға жол тартты. Жаңа туынды Қазақ Президентінің егемен елді дамытудағы тарихи еңбегін танытуға арналған.

Мейіржан ӘЛІБЕКҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу