«Келбет» бағдарламасы «Үздік портреттік-публицистикалық деректi фильм» деп танылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Келбет» бағдарламасы «Үздік портреттік-публицистикалық деректi фильм» деп танылды

05.12.2014
«Келбет» бағдарламасы  «Үздік портреттік-публицистикалық деректi фильм» деп танылды

Үздіктер  «TNS Central Asia» компаниясының зерттеуі негізінде 17 номинация бойынша анықталды.

Өмірі өнегелі, келер ұрпаққа өшпес мұра қалдырған, аты аңызға айналған азаматтарды ұлықтауға арналған «Келбет» бағдарламасы  «Үздік портреттік-публицистикалық деректi фильм»  аталымы бойынша үздік деп танылды.

Жоба продюсері – Жаңыл Асылбекова.

Марапатты Мәжіліс депутаты  Қуаныш Сұлтанов тапсырды.

Айта кетейік, «Жыл таңдауы» - отандық телеиндустрияның үздіктерін марапаттауға арналған алғашқы шара.

Хабарламаларға жазылу