ЕУРАЗЭҚ Парламентаралық Ассамблеясы жұмысын тоқтатты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ЕУРАЗЭҚ Парламентаралық Ассамблеясы жұмысын тоқтатты

27.11.2014
ЕУРАЗЭҚ Парламентаралық Ассамблеясы жұмысын тоқтатты

Бұл туралы Санкт-Петербург қаласында өткен аталмыш ассамблеяның бюро отырысында еліміздің Парламент Мәжілісінің төрағасы Қабиболла Жақыпов мәлімдеді.

Төраға осы жиында парламентаралық құрылым жұмысының қорытындысын жасады.

Оның айтуынша, 13 жылдан аса уақыттың ішінде Парламентаралық Ассамблея арқылы 200-ден аса нормативті-құқықтық актілер қабылданып, олар қауымдастыққа мүше елдерде кеңінен қолданылды.

 Енді бұл құжаттар ТМД Парламентаралық Ассамблеясының жұмысына пайдалану үшін беріледі.

 

Нұртас СОЛТАНҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу