Бейжіңдегі қазақстандықтар сайлауға белсенді қатысып жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бейжіңдегі қазақстандықтар сайлауға белсенді қатысып жатыр

20.11.2022

Қытайдағы Қазақстандықтар да сайлауға белсенді қатысып жатыр. Бейжің қаласындағы №257 сайлау учаскесінде 135 адам тіркелген. Олардың арасында сонда оқып жатқан студенттер мен ұлттық компанияларда қызмет ететін азаматтар бар. Бүгін алғашқылардың бірі болып Қазақстанның Қытайдағы Төтенше және өкілетті елшісі Шахрат Нұрышев жұбайымен бірге дауыс берді. Айта өтейік, Бейжіңдегі сайлау учаскесінде бір байқаушы жұмыс істейді. Ол ТМД-ның парламентаралық ассамблеясы өкілі. 

Хабарламаларға жазылу