Қазақстанда ойын мекемелерi мен букмекерлік кеңселерді тұрғын үйлердің соңғы қабатынан ашуға тиым салынады. Бұл туралы Мәжiлiстің пленарлық отырысында Мәдениет және спорт вице-министрi Тастанбек Есентаев мәлiмдедi. Бүгін, мәжіліс депутаттары «Ойын бизнесi туралы» деп аталатын Заң жобасын талқылады. Бұл құжат – еліміздегі ойын бизнесiн реттейтін заңнаманы қатайтуды көздейді. Мұнан бөлек, осы заңның талаптарын айналып өтуге мүмкiндiк беретiн алшақтықтар мен қайшылықтарды жоймақ. Сондай-ақ, бұл Заң ойын бизнесiне лицензия алу ісін қатаңдатпақ және интернет-казино қызметiне, оның iшiнде Қазақстан аумағындағы шетелдiк интернет-казино қызметiне тыйым салады.