ЕАЭО елдерінің көлік саласындағы әлеуеті талқыланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ЕАЭО елдерінің көлік саласындағы әлеуеті талқыланды

30.09.2014
ЕАЭО елдерінің көлік саласындағы әлеуеті талқыланды

Бүгін Алматыда Еуразия экономикалық комиссиясының Көлік және инфрақұрылым мен табиғи монополиялар бойынша комитетінің біріккен отырысы болды. Жиында басым бағыт Еуразиялық экономикалық одаққа мүше елдердің көліктік әлеуетіне берілді. Қатысушылар теміржол көлігінің қауіпсіздігіне берілетін сертификаттың жалпы ережесі мен талабына тоқталып, көлік саласындағы өзекті мәселелерді шешудегі атқарылатын іс-шаралар жоспарын талқылады.

Айта кету керек, көліктік әлеуетті арттыру Еуразиялық экономикалық одақты құру жөніндегі биылғы жылдың 29-мамырында қол қойылған келісімде көрсетілген. Жаңа интеграциялық бірлестік аясында Кедендік одақ пен бірлескен экономикалық аймаққа мүше мемлекеттер үйлестірілген көлік саясатын құрып, әр ел өз экономикасын ілгерілетуге жол ашпақ. 

Жазира ИСАЕВА

Хабарламаларға жазылу