338 адам «Болашақ» халықаралық стипендиясының иегері атанды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

338 адам «Болашақ» халықаралық стипендиясының иегері атанды

21.08.2014
338 адам «Болашақ» халықаралық стипендиясының иегері атанды

Бүгін Мемлекеттік хатшы Әділбек Жақсыбековтің төрағалық етуімен Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның отырысы өтті. Отырыста Республикалық комиссияның хаттамалық тапсырмаларын орындау, «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау мәселелері талқыланып, азаматтардың өтініштері қаралды.

Тілдік курстарды жаңа үлгі бойынша іске асыру тұжырымдамасының жобасы қаралды. Стипендиаттарды тілдік даярлауды әрқайсысы 3 айдан 6 айға дейінгі мерзімді қамтитын екі кезеңде жүргізу қарастырылуда.

Тілдік даярлаудың ұйымдастыру-техникалық және оқу-әдістемелік мәселелерін шешу үшін шетелдік серіктес ретінде Британдық Кеңес тартылатын болады.

Республикалық комиссия отырысының қорытындысы бойынша хаттамалық шешімдер қабылданды. 338 адам «Болашақ» халықаралық стипендиясының иегері атанды.

Хабарламаларға жазылу