76 адамға «Болашақ» стипендиясы берілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

76 адамға «Болашақ» стипендиясы берілді

28.06.2018

Шетелде кадрларды даярлау жөніндегі республикалық комиссия шешімімен 76 адам «Болашақ» стипендиясының иегері атанды. Бүгін Ақордада Мемлекеттік хатшы Гүлшара Әбдіқалықованың төрағалығымен аталған комиссияның отырысы өтті. Онда Білім және ғылым министрлігінің «Болашақ» халықаралық стипендиясын іске асыру туралы ақпараты тыңдалды. Сондай-ақ, Мемлекеттік хатшы Әбдіқалықова «Болашақ» халықаралық стипендиясын іске асыруды одан әрі жалғастыру жөнінде бірқатар тапсырма берді.

 

Дулат АБИБУЛЛАЕВ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу