338 адам «Болашақ» стипендиясының иегері атанды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

338 адам «Болашақ» стипендиясының иегері атанды

21.08.2014
338 адам «Болашақ» стипендиясының иегері атанды

Республика бойынша 338 адам «Болашақ» стипендиясының иегері атанды.   

Бұл туралы Мемлекеттік хатшы Әділбек Жақсыбековтің төрағалық етуімен өткен Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның отырысында айтылды.

Жиында республикалық комиссия тапсырмаларын орындау, «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау және одан айыру мәселелері талқыланып, азаматтардың өтініштері қаралды.

Атап айтқанда, тілдік курстарды жаңа үлгі бойынша іске асыру тұжырымдамасының жобасы қаралды. Стипендиаттарды тілдік даярлауды әрбірінің ұзақтығы 3 айдан 6 айға дейін болатын екі кезеңде  жүргізу қарастырылуда.

Тілдік даярлаудың ұйымдастыру-техникалық және оқу-әдістемелік мәселелерін шешу үшін шетелдік серіктес ретінде Британдық кеңес тартылатын болады.

Комиссия отырысының қорытындысы бойынша хаттамалық шешімдер қабылданды.

akorda.kz

Хабарламаларға жазылу