Шекаралық бақылауды күшейту керек

18.07.2014
Шекаралық бақылауды күшейту керек

ТМД елдерінің сыртқы шекарасындағы шекаралық бақылауды күшейту керек. Бұл мәселе шекаралық әскерлер қолбасшылары кеңесінің 2014-жылға арналған жұмыс жоспары кезінде талқыланды. Жиынға Қазақстан, Ресей, Қырғыз Республикасы, Армения, Беларусь, Тәжікстан елдерінің өкілдері қатысты. Мамандар ТМД мемлекеттеріне ортақ жалпы аймақтық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жағдайындағы шекаралық бақылауды күшейту керектігін айтты. «Ол үшін әрбір мемлекеттің әскери қуаты мықты болуы тиіс»,-деген мамандар, шекаралық әскерлерге ерекше көңіл бөлетіндерін жеткізді.

Хабарламаларға жазылу