Мемлекеттік сатып алу жүйесіне қоғамдық бақылауды күшейту керек – Гүлшара Әбдіқалықова

04.11.2015
Мемлекеттік сатып алу жүйесіне қоғамдық бақылауды күшейту керек – Гүлшара Әбдіқалықова
Мемлекеттік сатып алу жүйесіне қоғамдық бақылауды күшейту керек. Бүгін Ақордада өткен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жөніндегі комиссияның отырысында, Мемлекеттік хатшы Гүлшара Әбдіқалықова осылай деді.

Айтуынша, дәл осы сала – жең ұшынан жалғасқан жемқорлыққа белшесінен батқан. «Індетпен күресті күшейту үшін мемлекеттік сатып алудағы процестердің ашықтығын көрсететін қосымша ұйымдастырушылық-құқықтық тетіктерді әзірлеу керек»,-деді.

Армангүл ТОҚТАМҰРАТ

Хабарламаларға жазылу