Валюталық бақылауды күшейту керек - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Валюталық бақылауды күшейту керек

23.02.2018

Еліміздің экономикалық қауіпсіздігін тек тиімді валюталық бақылау ғана қамтамасыз ете алады. Бұл жөнінде Сенатта өткен «Елдің экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету аясында тиімді валюталық бақылау» тақырыбындағы дөңгелек үстел барысында айтылды. Ұлттық банктің 2014-2016 жылдардағы мәліметіне сәйкес, Қазақстаннан жеңілдетілген салық салынатын елдерге 35 миллиард теңге қаржы аударылыпты. Елімізден капиталды шығаруға қарсы іс-қимыл шаралары тиімсіз болып отыр. «Бұл орайда заңнамалық өзгерістер қажет», - дейді депутаттар. Бүгінгі таңда экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету ұлттық қауіпсіздіктің құрамы ретінде ерекше зор маңызға ие. 

Ерболат Мұқаев, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:

- Ұлттық банктің реттеуші күшін күшейтуіміз керек. Екінші деңгейлі банктерге де экспорттан түскен ақшаның бәрін аудара бермей, аударатын адамның жеке тұлға бола ма, заңды тұлға бола ма оған қарамастан, сол қаржының құжаты қарастырылуы керек деп есептеймін.

Индира БЕГАЙДАР

Хабарламаларға жазылу