Қазақстанның әлемге танылуы - Нұрсұлтан Назарбаевтың ерен еңбегінің жемісі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстанның әлемге танылуы - Нұрсұлтан Назарбаевтың ерен еңбегінің жемісі

30.06.2014
Қазақстанның әлемге танылуы - Нұрсұлтан Назарбаевтың ерен еңбегінің жемісі

Еуразия жүрегіндегі Қазақстанның қарқынды дамып, әлемге танылуы -  Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың ерен еңбегінің жемісі. Бұл - егемен еліміздің жетістіктері мен бағындырған белестеріне тәнті болған шетелдік саясаткерлер пікірі.

Жан Лемьер, Еуропалық қайта құру және даму банкінің бұрынғы президенті:

Қол жеткізген нәтижелерге тоқмейілсімей, экономикалық реформаларды дамытып,  қазақстандықтардың өмір сапасын жақсарту үшін үнемі алға жүруге ұмтылатын Нұрсұлтан Назарбаевтың саясаты - үлкен құрметке лайық.  Президент осы жолда бет алған бағытын сақтап келеді. Оның негізі -  жинақталған оң тәжірибе және әлем үшін ашық мемлекет. Саудадағы ашықтық, саясаттағы ашықтық, жаңа идеяларға деген ашықтық.

 

Ли Мён Бак, Корея Республикасының бұрынғы президенті:

19 жыл бұрын біз дипломатиялық-қатынас орнаттық. Осы жылдар ішінде түрлі салалар бойынша экономикалық әріптестікте зор табыстарға жеттік. Бірақ, нақты соңғы үш жыл ішінде біздің ынтымақтастығымыз едәуір жақсарды. Менің ойымша, бұл Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың біздің елге деген ерекше көңілі мен қызығушылығының арқасында мүмкін болды. Кейінгі жылдары Қазақстан керемет жетістіктерге жетті.  Тіпті, әлемдік қаржы дағдарысы жағдайында Қазақстан экономикалық өсімнің жоғары көрсеткіштерін паш етіп келеді. Сондай-ақ, ауқымды халықаралық шаралар өткізу арқылы әлемдік аренада өз беделін көтеруде. Осы себептен біз Қазақстанмен біргеміз және бірге бола береміз.

Манмохан Сингх, Үндістанның бұрынғы премьер-министрі:

Сіздің көреген саясатыңыз бен басшылығыңыз Қазақстанға көркею мен  бірлік әкелді. Келер жылдары да Сізге табыс тілеймін.  Астананың әсемдігі мен асқақтығы - сіздің басшылығыңыздың белгісі. Мен Қазақстанда халықтың ілгері дамуын, мемлекеттеріңіздің бай мәдениеті мен жұртшылықтың ғаламат болашақты қалыптастыруға деген сенімділігін көрдім. Қазақстан - бүкіл Орталық Азияның дамуында басты рөлге ие әлеуеті зор мемлекет.

 

Гүлжан ҚАЛТАЙҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу