Қызылордадағы Жібек Жолы даңғылына Нұрсұлтан Назарбаевтың есімі берілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қызылордадағы Жібек Жолы даңғылына Нұрсұлтан Назарбаевтың есімі берілді

26.03.2019

Сыр халқының Елбасына деген құрметі шексіз. «Еліміздің қол жеткізген әрбір  жетістігі мен әрбір шыққан биігі Нұрсұлтан Назарбаевтың еңбегінің жемісі. Қазір Қазақстанды әлем таниды, мойындайды.  Елордамыз Астананың Нұр-Сұлтан деп өзгеруі, қаламыздың бас көшесі Жібек Жолы даңғылына Нұрсұлтан Назарбаев есімінің берілуі халықтың зор ықыласы», дейді.

Қазыбай Құдайбергенов,  ардагер:

Семей полигонын жапты, ядролық қарудан бас тартты. Жалпы, Қазақ елінің, ұлы дала елінің азаматтарының, біздің, қазақтың бейбітшіл халық екенімізді, жай, соғысты қаламайтын халық екенімізді паш етті. Астана қаласының Нұр-Сұлтан боп өзгеруі ол кісінің 30 жылғы, оның алдындағы еңбегінің бағасы. Сол еңбекті ұрпақтарға жеткізудің бір жолы деп ойлаймын.

 

Ақерке БЕРІКБЕК
 

Хабарламаларға жазылу