Әлем жұрты Астананы құттықтады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Әлем жұрты Астананы құттықтады

06.07.2014
Әлем жұрты Астананы құттықтады

Астана күніне орай тек отандастарымыздан ғана емес, әлемнің әр түкпірінен ыстық лебіздер келуде. Барлығының айтары, Қазақстанның гүлденуі, Астананың бой көтеруі – елдің қажыр қайратының арқасы, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың ерен еңбегінің жемісі. Шетелдіктердің Ұлттық арнаға берген эксклюзивті тілектерін назарларыңызға ұсынамыз.

Ниша Бисвал, АҚШ Мемлекеттік хатшысының Оңтүстік және Орталық Азия бойынша көмекшісі:

Біз мұнда, Вашингтонда қазақ музыкасымен Астана күндерін өзімізше атап өтудеміз. Бұл әрине, екі ел арасындағы дипломатиялық және мәдени байланыстардың деңгейінің жоғарылығын деңгейін көрсетеді. Мен қазақстандықтарды Астана күнімен құттықтағым келеді. Біз Құрама штаттары мен Қазақстан халқы арасындағы достықты, ынтымақтастықты жоғары бағалаймыз. Баршаңызға рахмет, алдағы уақытта екі ел арасындағы байланыс артып, серіктестік нығая береріне сенімім мол.

Джэксон Макдональд, елші, «Джефферсон уотерман интернэшнл» компаниясының президенті:

Қазақстанның тәуелсіз ел ретіндегі алғашқы қадамдарының куәсімін. Ұлттық төлқұжат пен теңгенің шығарылуы, ұлттық Тудың тұңғыш желбірегені, қазақ әнұранының алғаш шырқалуы - бәрі-бәрі есімде. Қазақстана халқын, әсіресе, Астана тұрғындарын 16 жылдық мерекемен құттықтаймын. Мен бұл әсем қалаға осыдан небәрі 6-7 ай бұрын барып қайттым. Тамаша шаһар, бірден баурап алды. Мейрамдарыңыз құтты болсын!

Шандор Фазекаш, Венгрияның ауыл шаруашылығы министрі:

Президент елдің экономикасын, ауыл шаруашылығын, кәсіпкерлікті,яғни, барлық салаға бірдей мән беріп, дамытуға күш салып отыр. Халықтың әлеуметтік ахуалы жылдан-жылға жақсарып келеді. Санаулы уақытта сәулеті ерекше Астана тұрғызу тек дәулетті мемлекет пен мықты басшының ғана қолынан келетін іс. Бақыттарыңыз баянды болсын деп тілеймін.

Егор Кончаловский, кинорежиссер /Ресей/:

Мен Астанада алғаш рет 1998 жылы болдым. Ол кезде ешқандай ғимарат та,зәулім сарай да болған жоқ. Аз уақыттың ішінде осылай өзгеретініне сол кезде айтса сенбес едім. Таңданысымды жасыра алар емеспін. Өте әдемі, керемет қала. Бұрын мұндай көркем қаланы көрген емеспін.

Айта кетерлігі, ол тазалығымен де, таза ауасымен де ерекшеленеді. Барлық әлем қазір Қазақстанның бас шаһарына қызыға қарайды, тамсанады. Бұл ең алдымен Нұрсұлтан Назарбаевтың озық идеясы мен еңбегінің арқасы деп білеміз. Астана әрі қарай да жайнай берсін! Қала күні құтты болсын!

 

Нұрбек БЕКБАУ

Хабарламаларға жазылу