Қазақстанның даму стратегиясы елдегі бүкіл халықтың өмір сүру жағдайын толық жақсартуға мүмкіндік туғызбақ. Еуропалық парламенттің депутаты Элизабет Йегле қазақстандық әріптестерімен кездесу барысында осылай деді.
Ол Қазақстанның даму бағытын үнемі жіті назарда ұстап отыратынын айтады. Кездесуде Адам құқықтары жөніндегі комиссияның төрағасы Қуаныш Сұлтанов аталған комиссияның 2020 жылға дейінгі жоспарымен таныстырды.
Еуропарламент мүшелері Қазақстанның бұл саладағы беталысына да жоғары бағасын берді.
Шынар АСАНҚЫЗЫ