Мәжіліс депутаты Қуаныш Сұлтанов Словакия Елшісімен кездесті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мәжіліс депутаты Қуаныш Сұлтанов Словакия Елшісімен кездесті

12.03.2015
Мәжіліс депутаты Қуаныш Сұлтанов Словакия Елшісімен кездесті

Мәжіліс депутаты Қуаныш Сұлтанов еліміздегі Словакия Республикасының Төтенше және өкілетті елшісі Петер Юзамен кездесті.

Кездесуде екі ел арасындағы 1993 жылдың 1 қаңтарынан бері үзілмей келе жатқан дипломатиялық байланыс жайы сөз болды.

Сондай-ақ, тараптар екіжақты саяси және экономикалық қарым-қатынасты дамыту жайын атап өтті.

Словакиялық Елші Қазақстанның әлем алдындағы бейбітшілік пен қауіпсіздік мәселелерінің шешілуіне қосқан үлесінің зор екендігін атап өтті.  

 

Дәулетхан АҚАЙДАРОВ

Хабарламаларға жазылу