Қуаныш Сұлтанов: Жамбыл - біздің сарқылмас қазынамыз - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қуаныш Сұлтанов: Жамбыл - біздің сарқылмас қазынамыз

22.02.2016
Қуаныш Сұлтанов:  Жамбыл - біздің сарқылмас қазынамыз

«Жамбыл» тарихи драмасының тұсаукесер рәсімінің алдында Мемлекет және қоғам қайраткері Қуаныш Сұлтанов осындай пікірін білдірді.

«Бүгінгі драмаға біз ерекше қызығушылық танытып отырмыз. Оны көргенше асығып отырмыз. Біз үшін туынды қалай шықты, оны шығармашылық топ қалай жасады деген сияқты мәселелер ерекше қызықтырып отыр»,-деді Қ.Сұлтанов.

Сондай-ақ оның сөзінше, Жамбыл туралы көзінің тірісінде түсірілген, жазылған дүниелер аз емес.

«Ал, ол кісі өмірден қайтқаннан кейін біз оның сарқылмас мол мұрасының бағасына жете алдық па?  Міне, осы мәселелер бізді толғандыруы керек. Жамбылды үйрену, Жамбылмен кездесу, оның рухын сезіну біз үшін маңызды. Өйткені, ол алып. Кезінде Жамбыл – Алатау, Жамбыл-Гималай деген теңеулер болған. Бұның барлығы жайдан-жай айтылған сөз емес. Жамбыл - біздің сарқылмас қазынамыз. Ол - рухани биіктік, рухани тереңдік», -дейді қоғам қайраткері.
 

Хабарламаларға жазылу