Сенатор Ақан Бижанов «Келет» зауытының әлеуетімен танысты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сенатор Ақан Бижанов «Келет» зауытының әлеуетімен танысты

28.07.2014
Сенатор Ақан Бижанов  «Келет» зауытының әлеуетімен танысты

Үдемелі индустриалды-инновациялық бағытты ұстанған елімізде  Алматының үлесі қандай? Сауалға тұщымды жауап іздеген сенатор Ақан Бижанов бүгін 20 жылдық тарихы бар «Келет» зауытының әлеуетімен танысты.

Су және жылумен қамтамасыз ететін техникалық құралдарды өндіретін өндіріс орны бүгінде өнімдерін елімізді айтпағанда, Ресей, Тәжікстан, Ауғанстан, Қырғыз Республикасы елдеріне экспорттап отыр.

Зауыт қарқынды материалдық-техникалық базасының арқасында қуаттылығы 6-дан 144 кВт жететін электрлі жылу қазандықтарын шығаруда. Тауарлары сұранысқа ие зауытта қазір 280 адам жұмыс істейді.

Жылына бір адамға шаққандағы еңбек өнімділігі 90 мың АҚШ долларын құрайды. Бұл елдегі өнеркәсіптердің орташа  көрсеткіштерінен 5 есе жоғары.

Ақан Бижанов, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:

Жалпы, экономиканың өсуі 4 пайыз, экспорттық потенциалымыз 10 пайыздан асты. Мұның барлығы осындай мекемелер  жұмысының нәтижесінде болып жатыр. Алматының жалпы өндірістік көлемі 60 пайыздан асты. Бұл - жақсы көрсеткіш. Мұндай мекемелердің жұмысын қолымыздан келгенше қолдауымыз керек.

Айгүл ЕРМАХАН

 

Хабарламаларға жазылу