Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ақордада бірқатар кездесу өткізді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ақордада бірқатар кездесу өткізді

17.01.2020

Бүгін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ақордада бірқатар кездесу өткізді. Мемлекет басшысы алдымен жазушы-драматург Роза Мұқанованы қабылдады. Роза Мұқанова Президентке Қазақ ұлттық өнер университетінің жас мамандарды даярлау бағытында атқарып жатқан жұмыстарын баяндады. Сондай-ақ, кездесуде отандық драматургия мен театр өнерін дамытудың өзекті мәселелері талқыланды. Сондай-ақ, Қасым-Жомарт Тоқаев, Философия, саясаттану және дінтану институтының директоры Ақан Бижановты да қабылдады. Ақан Бижанов Мемлекет басшысына өзі басқарып отырған институттың жұмысы жөнінде айтып, қазақ ғылымының бүгіні мен ертеңі туралы ой-пікірімен бөлісті. Кездесуде, Әл-Фарабидің 1150 және Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойларын өткізуге дайындық мәселелері де сөз болды. 

Альбина ӘШІМ


Хабарламаларға жазылу