Президент Қасым-Жомарт Тоқаев браконьерлердің қолынан қаза тапқан азаматтың отбасына көңіл айтты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев браконьерлердің қолынан қаза тапқан азаматтың отбасына көңіл айтты

23.07.2019

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев браконьерлердің қолынан қаза тапқан қорықшының отбасына көңіл айтты. Бұл туралы Мемлекет басшысы өзінің Twitter парақшасында жазды. Онда «Браконьерлермен арпалыста ерлікпен қаза болған қорықшы Қаныш Нұртазиновтың жақындарына шынайы көңіл айтамын. Қаскөйлер ұсталып, жауапқа тартылады. Киіктерді атқаны үшін жазаны күшейту қажет. Қаза тапқан Қ.Нұртазинов марапатталатын болады. Самат Оспановтың сауығып кетуін тілеймін», - делінген.

Асима НҰРБАЙҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу