Мемлекет басшысы Пәкістан президентіне көңіл айтты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мемлекет басшысы Пәкістан президентіне көңіл айтты

31.07.2023

Қасым-Жомарт Тоқаев Пәкістан президенті Ариф Алвиге елдің солтүстік-батысында болған лаңкестік шабуыл салдарынан көптеген азаматтың қаза табуына байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады. Мемлекет басшысы Қазақстан халқының және жеке өз атынан жақындарынан айырылған отбасыларға қайғыра көңіл айтты, сондай-ақ зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдірді. 

Серік Селеубайұлы

Хабарламаларға жазылу