«АрселорМиттал Теміртау» компаниясымен инвестициялық ынтымақтастық тоқтайды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«АрселорМиттал Теміртау» компаниясымен инвестициялық ынтымақтастық тоқтайды

28.10.2023

«АрселорМиттал Теміртау» компаниясымен инвестициялық ынтымақтастық тоқтайды. Президент Үкіметке осындай тапсырма берді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қарағанды облысында кеншілердің қаза табуына байланысты көңіл айтты. «Костенко атындағы шахтадағы өрт салдарынан қаза тапқан кеншілердің туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтып, зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуін тіледі. Мемлекет басшысы Үкіметке кеншілердің отбасыларына барлық қажетті көмек көрсетуді тапсырды. Оқиғаның мән-жайын анықтау үшін үкіметтік комиссия құрылды. Әрі Президент Үкіметке «АрселорМитталТеміртау» компаниясымен инвестициялық ынтымақтастықты тоқтату тапсырылды» делінген хабарламада.

Хабарламаларға жазылу