Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке жаңа тапсырмалар жүктеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке жаңа тапсырмалар жүктеді

15.07.2019

Индустрияландыру мен инвестиция тарту, жер мәселесі мен бюджет қаржысын үнемдеп жарату, халықтың тұрмысын түзеу мен өңірлерді дамыту. Бүгін Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Үкіметтің кеңейтілген отырысы өтті. Бұл — Мемлекет басшысының үкімет мүшелерімен осындай форматта өткізген алғашқы жиыны. Үш сағатқа жалғасқан жиында Қасым-Жомарт Тоқаев барлық сала бойынша министрлер мен әкімдерге нақты тапсырмалар жүктеді. Сондай-ақ қыруар қазына қаржысы жұмсалған, алайда тиімділігі күмән келтіретін бірқатар бастамалар мен жобаларды сынға алды. Оның ішінде Қостанадайдағы мұз сарайы мен елордадағы жеңіл рельсті көлік жолының құрылысы бар. Президент әкімдерге инвестиция тартудың қарапайым қыр-сырын айтып, өңірлерді дамытудың жаңа жоспарын жасауды тапсырды.    

 

Президент қатысқан Үкімет отырысында алдымен ел дамуының қарқыны туралы ақпарат тыңдалды. Алты айда экономикалық өсім 4,1 пайызды, инфляция 5,4 пайызды құраған. Өткен айда дәрігерлер мен мұғалімдердің  жалақысы отыз пайызға дейін өскен. Президент негізгі министрліктер мен бірнеше өңір басшысының баяндамасын да мұқият тыңдады. Сөзді өзі алғанда Қасымжомарт Тоқаев  алдымен  индустриаландыру бағдарламасын өзектендіруді тапсырды. Экспорттың 70 пайзы әлі де шикізат. Бағдарламаның биылғы межесі тек 35 пайызға қаржыландырылған.  Ал мемлекеттік-жекеменшік әріптестік әдісімен ашылған жобалар құнының 90 пайызы  мемлекетке тиесілі. Бұл бизнес пен билік әріптестігі  идеясын жоққа шығарады.

 

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

  

Бұл менің Үкіметке тапсырмам, жағдайға шынайы көзқараспен қарап, қарапайым, орындай алатындай жоспар құру керек. Қымбат нысандар салуды тоқтату қажет. Индустрияландырудың 3-ші бес жылдығына кіріспес бұрын проблеманы шешудің тиімді жолдарын ұсыныңыздар. 

 

Ауыл шаруашылығы саласы да Президенттің біраз сынына ұшырады. Экономикамыздың басым бағыты, күнкөрісіміздің негізгі көзі болады деп жүрген салаға тікелей тартылған инвестицияның тек 1 пайызы тиесілі.

 

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

 

Сала басшысы мен облыс басшысы ауысқанда барлық тәртіп өзгереді. Мұндай маңызды салада сабақтастық деген болуы керек емес пе? Шауралар субсидия мен қаржыландыру тәртіптерінің жиі өзгеретінін айтып, көп шағымданады. Мұндай бейберекетсіздік салаға қаржы құюға, кәсіп ашуға сенімсіздік тудырады.

 

Ата кәсіпті ширату үшін инвестиция тарту керек. Ол үшін қаржы салғысы келетін адамға түсінікті тәртіп пен күшті құқықтық база қажет.

 

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

 

Жер кодексінің кейбір нормаларына жасалған шектеу мерзімі 2021 жылы аяқталады. Яғни жерді шетелдіктерге сату және жалға беру бойынша нақты, әрі соңғы заң қабылдауымыз керек. Бұл мәселеге қатысты депутаттар мен саяси партиялар үн қосады деген үміттемін. Шетелдіктерге қатысты нақты айтуымыз керек, жер шетелідктерге сатылмайды.

 

Экономиканы шикізаттан арылтудың тағы бір төте жолы — кәсіпкерлік. Бизнес бастағысы келетіндерге кедергі келтіретін шенеуніктердің енді басынан ешкім сипамайды.

 

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

 

Бизнеске кедергі келтіретіндер үшін заңнамаға қылмыстық қудалау түріндегі жаза енгізу қажет. Әлемде мұндай тәжірибе бар. Кәсіпкерліктің дамуына қарсы жұмыс істеген шенеуніктер түрмеге қамалады. 

 

Ал шетелден қаржы тарту қазір үлкен бәсекеге, сайысқа айналды. Бұл тартыста жеңіп шығу үшін қаржы, салық, кеден саясатының тиімділігін арттырып қана қоймай, инвестормен сөйлесудің қарапайым қыр-сырын да меңгеру керек.

 

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

 

Кейде мен теледидардан әкімдер мен инвесторлардың кезедсуін көзім шалып қалады. Үстелдің ана басында әкім, мына басында инвестор отырады. Инвестиция сіздерге емес, оларға керек болып тұрғандай ой қалыптасады. Өздеріңізді  ірі шенеунік етіп көрсеткенді қою керек. Бұл сіздерге жарасапайды, сырттан  жаман көрінеді. Инвесторлар тарапынан өңірлік басшылардың кейбір түсінксіз талаптарына қатысты шағымдар көп түседі. 

 

Президент Үкіметтке қаржы бөлерде тек екі нәрсені басшылыққа алуды тапсырды. Алдымен оның әлеуметтік маңызы және қайтарымы немесе берер пайдасы. Бюджетті халықтың қатысуымен жасақтау мәселесін де заңмен бекіту жүктелді. Бұл тұста Президент мамандардың да, халықтың да пікірі ескерілмеген «Астана LRT» жобасын мысалға келтірді.

 

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

 

Халыққа тиімді көлік түрін жасаудың орнына қымбат жоба ұсынылған. Әкімдіктің болжамы бойынша, жолаушылар нөпірі 140 мың болады.  Ал қазір әуежайдан темір жол вокзалына тәулігіне небәрі 2000 адам қатынайды. Оны 70 есеге қалай көбейтетіндеріңізді мен түсіне алмадым. Шығыны көп жоба ертең мемлекеттік мойнына жүк болады.

 

Бюджет қаржысын жоспарлау мен жаратуда олқылық көп. Ал оған жол берген басшылар жеңіл жазамен құтылады.

 

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

 

2018 жылы бюджет қаржысын тиімсіз жаратқан 155 адам жауапкершілікке тартылған. Оның тек 7 пайызы немесе 11-і ғана бірінші басшы. Сондықтан да Үкімет пен Есеп комитетіне қаржыны тиімсіз жаратқандарға  жауапкершілікті күшейтуді тапсырамын.

 

Қаржы бөлуде аймақтардың ерекшелігі ескерілуі керек. Мысалы, Батыс қазақстанда электр желілерінің 85 пайызы ескірген. Павлодар, Қостанай обылстарының 40 пайызы ауыз сумен қамтылмаған. 2020 жылдан бастап,  өңірден жиналатын салықтың бір бөлігі облыс қазынасына беріледі. Бұл әкімдерді ақша табуға ынталандыру үшін жасалмақ. Президент ұлттық компаниялар мен холдингтердің мәселесіне де бөлек тоқталды. Ұлттық компаниялардың даму институттары ретінде құрылғанын айтты. Сондықтан да олардың банкротқа ұшырауы ұят нәрсе. Бұл тұста былтыр 120 миллиард теңгеге шығынға ұшыраған «ҚазАгроны» мысалға келтірді.

 

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

 

«ҚазАгродағы» жағдай мұндай құрлымды басқара алмаудың айқын көрінісі. Холдинг қаржыландырған 672 жобаның 40 пайызы тұралап тұр. Компания тез арада реформалануы қажет.

 

Президент мемлекеттік аппаратты дамытудың жаңа тұжырымдамасын жасақтауды тапсырды.

 

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

 

Министрдің орынбасарлары аяқ астынан қызметін тастап, «Болашақпен» оқуға кетеді. 40-45 жастан асқанда «Болашақпен» қайдағы білім алу. Мұндай жайттар төменгі деңгейдегі мекемелерде де көп кездеседі. Президент әкімішлігі бағдарламаға өзгеріс енгізуі керек. Саяси қызметкерлер оқыса оқысын. Бірақ мемлекет қаржысына емес. 

 

 

Дулат Абибуллаев, тілші:

 

Кәсіби мемлекеттік аппарат құруға қатысты тағы бір тапсырма. Президент «Еститін мемлкеттік орган» қағидасын енгізуді жүктеді. Оның аясында бірінші басшылар әлеуметітк желідегі халықтьың жанайқайын естіп, үнемі байланыста боулы керек. Президент бұл мәлесені жиналғандарға қадап тапсырды.

 

Дулат АБИБУЛЛАЕВ

Хабарламаларға жазылу