Мемлекет басшысы Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлованы қабылдады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мемлекет басшысы Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлованы қабылдады

05.07.2019

Мемлекет басшысы бүгін Ақордада Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлованы қабылдады. Президент министрліктің қазіргі жұмыс барысымен және алдағы жоспарларымен танысты. Сондай-ақ жаңа министрге спорт, мәдениет, туризм саласы мен «Рухани жаңғыру», «Киелі Қазақстан» бағдарламаларына қатысты бірқатар тапсырмалар жүктеді. Бұдан бөлек Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет, спорт қайраткерлерінің әлеуметтік тұрмыс жағдайын жақсарту мәселесін  жандандыру қажеттігін айтты.

 

Дулат АБИБУЛЛАЕВ

Хабарламаларға жазылу